Nokia 1203 - Құрылғыға күтім жасау

background image

Құрылғыға күтім жасау
Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім

болып табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек.

Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға

көмектеседі.

Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның,

ылғалдың және сұйықтардың құрамында

электрондық тізбектердің тот басуына себепші

болатын минералдар болуы мүмкін. Егер сіздің

құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны алып,

оны орнына салардың алдында құрылғыны әбден

құрғатыңыз.

Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз.

Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық

бөлшектерінің зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны жоғары немесе суық температурада

ұстамаңыз. Жоғары температура электрондық

құрылғылардың қызмет ету қысқартып,

батареяларды зақымдауы және пластикалық

бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып

жіберуі мүмкін. Құрылғы суық температурадан

қалыпты температураға келгенде, оның ішінде

ылғал пайда болып, электрондық тізбек

тақталарын зақымдауы мүмкін.

Құрылғының осы нұсқаулықта көрсетілгеннен

басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.

Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы

болмаңыз. Өрескел пайдаланудан ішкі тізбек

тақталары мен жұқа механизмдердің зақымдануы

мүмкін.

Күшті химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді

немесе күшті жуу құралдарын құрылғыны

тазалауға пайдаланбаңыз. Құрылғының бетін

тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті

пайдаланыңыз.

Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын

бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс

жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Тек қана жинақпен жеткізілген етілген немесе

мақұлданған антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат

берілмеген антенналар, түрлендірулер немесе

көмекші құралдар құрылғыны зақымдап, радио

құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.

Зарядтағыштарды бөлмеде пайдаланыңыз.

Контактілер және күнтізбе жазбалары сияқты

сақтағыңыз келген деректердің барлығының

сақтық көшірмесін жасаңыз.

Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін уақытылы мезгіл-

мезгіл бастапқы қалпына келтіру мақсатымен оны

өшіріп, батареяны алыңыз.

Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға,

зарядтағышыңызға немесе кез келген қосымша аспапқа

бірдей қолданылады.