Nokia 1203 - Жалпы мәліметтер

background image

Жалпы мәліметтер
Құрылғыңыз жайында

Мына нұсқаулықта суреттелген сымсыз құрылғы EGSM

900 and 1800 networks пайдалануға арналған. Байланыс

желісі туралы көбірек мәлімет алу үшін қызмет

көрсетушімен байланысыңыз.

Құрылғы үшінші тараптың интернет сайттарына

бетбелгілер мен сілтемелерді орнатып, үшінші тараптың

сайттарына қатынауға мүмкіндік беруі мүмкін. Олар

Nokia корпорациясының филиалы болып табылмайды,

Nokia корпорациясы олар үшін жауапкершілікті өзіне

алмайды және қабылдамайды. Егер сіз осындай

сайттарға қатынасаңыз, қауіпсіздік немесе мазмұн үшін

сақтық шараларын қолданыңыз.

Ескерту

Құрылғының оятқыш сағаттан басқа белгілерін

қолданғыңыз келсе, құрылғыны қосыңыз. Сымсыз

құрылғыны қолдану кедергілер мен қауіп тудыратын

болса, құрылғыны қоспаңыз.

Құрылғыны пайдаланған кезде барлық заңдарға

бағынып, басқа тараптардың жергілікті кедендік,

құпиялылық және заңды құқықтарын, оның ішінде

авторлық құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық құқықтар

кейбір бейнелердің, әуендердің және басқа

құрылымдағы заттардың көшірілуіне, тасымалдануына,

өзгертілуіне кедергі бола алады.

Құрылғыңызға сақталған барлық маңызды ақпараттың

сақтық көшірмелерін жасап немесе жазбаша көшірмесін

сақтап қойыңыз.

Кез келген құрылғыны қосу үшін оның тұтынушыға

арналған нұсқаулығындағы қауіпсіздік жөніндегі

мәліметтерді оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге

жалғамаңыз.

Бұл нұсқаулықтағы бейне ажыратымдылығы түрлі болып

көрінуі мүмкін.

Құрылғыңыз туралы басқа да маңызды ақпарат алу үшін

қолданушыға арналған нұсқауларды қараңыз.

Желі қызметтері

Телефонды қолдану үшін сізде сымсыз қызмет көрсету

түрі болуы керек. Кейбір мүмкіндіктер барлықы желіде

қатынаулы болмайды; басқа мүмкіндіктер қызмет

көрсету провайдеріңізбен арнайы реттеулер

жасауыңызды талап етеді. Желі қызметтері берілетін

деректерді қамтиды. Өз желінізде және басқа желілерде

болғанда ақы қанша болатыны туралы егжей-тегжейін

білу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.

Қызмет көрсету провайдеріңіз қандай ақы қолданылатын

түсіндіреді.

Сіз провайдеріңізден құрылғыңызда бейбелсенді және

жұмысқа қабілетсіз мүмкіндіктерге сұратым

жасауыңызға болады. Онда бұл мүмкіндіктер

құрылғыңыздың мәзірінде көрінбейтін болады. Сондай-

ақ, құрылғыңызда мәзір атаулары, мәзір реті және

белгішелер сияқты бапталатын элементтердің болуы

мүмкін.

Қолдау

Өнімді пайдалану туралы қосымша ақпарат білгіңіз

келсе, немесе құрылғыңыз қалай жұмыс істейтінін толық

білмесеңіз, пайдаланушы нұсқаулығын немесе қолдау

үшін www.nokia.com/support сайтындағы қолдау көрсету

бетін немесе жергілікті Nokia веб-сайтын, мобильді

құрылғы арқылы www.nokia.mobi/support сайтын

қараңыз.

Егер бұл көмектеспесе, келесіні орындаңыз:

Құрылғыны қайта жүктеңіз: телефонды өшіріп,

батареяны алыңыз. Біраз секундтан кейін

батаряны салыңыз да, телефонды қосыңыз.

Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей

зауыттық параметрлерді қайта сақтаңыз.

Егер мәселеңіз шешілмей қалса, жөндету үшін Nokia

корпорациясына хабарласыңыз. www.nokia.com/repair

сайттарын қараңыз. Құрылғыны жөндетуге жібермес

бұрын, әрқашан құрылғыдағы деректердің сақтық

көшірмесін жасап алыңыз.